-Алдымен өзіңізді Қазақстан чемпионаттарындағы алғашқы голыңызбен құттықтаймыз.
-Рахмет.
-Өзіңіз туралы айтып берсеңіз. Футболға қалай, неше жасыңызда келдіңіз?
-Барлық бразилиялық балалар секілді кішкентайымнан допқа құмар болдым. Доп менің ажырамас досым еді. Тіпті үй ішінде де доп теуіп, ойнайтынмын. -Үй іші доп тебетін жер емес,-деп ұрсатын анам жасым беске келгенде арнайы футбол мектебіне берді. Сол кезден футболдағы жолым басталды. Алғашқы кәсіби келісім-шартымды 17 жасымда «Ботофого» клубымен жасадым. Осы күні футбол кәсібіме айналды.
-Сіз Бразилия елінде туып, өстіңіз. Бразилияның футбол таланттарына бай екенін күллі әлем біледі. Сіз үшін әлемнің үздік ойыншысы кім?
-Ия, дұрыс айтасыз, Бразилия әлемге өте көп футболшы сыйлаған мемлекет. Бірақ, маған аргентиналық Леонель Мессидің ойыны ұнайды. Қазіргі таңдағы әлемнің үздік ойыншысы - Лео. Ал Пеле футбол королі болып қала береді.
-Қазақстанға келмес бұрын біздің ел туралы не білдіңіз?
-Шынын айту керек осы күнге дейін Қазақстан туралы ештеңе білген емеспін. Агентім сіздің елден ұсыныс барын айтқан соң интернеттен және Қазақстанда болып келген отандастарымнан ақпарат жинадым. Ешқайсысы жаман пікір білдірген емес. Сондықтан осы елге келуге бел байладым.
-Орал ұнап жатыр ма?
-Әлі Оралды аралап көрмедім. Күннің салқындығы да көше аралап, қаланың көрікті жерлерін қызықтауға өз кедергісін тигізді. Енді бірнеше күннен соң отбасым келеді. Сол кезде қалаға шығып қыдыратын боламыз.
-Команда қалай қарсы алды? Команда ішінде жақын араласатын достарыңыз бар ма?
-Түркияда өткен ОЖЖ-нан бері командамен біргемін. Ойыншылар да, бапкер де жақсы қарсы алды. Команда сапындағы ойыншылардың барлығымен жақсы араласамын. Көп ойыншы ағылшын тілін білмегендіктен, аздаған қиындықтар туындағаны рас. Бірақ, ол үлкен қиындық туғызатын мәселе емес. Өйткені, командада ағылшын тілін білетін бірнеше ойыншы бар. Сұрақтарым туындаса, сол жігіттерге жолығамын.
-Қазақ тіліне төселдіңіз бе?
-Қазақ тілі өте әдемі болғанымен қиын тіл екен. Маусым аяқталғанша біраз сөз үйреніп қалармын. Қазірдің өзінде командаластарымның айтқан кей сөздерін түсінемін. Үйренуге тырысамын.
-Клуб жанкүйерлеріне айтарыңыз бар ма?
-«Ақжайық» мен үшін жұмбақ команда болған. Қазір үйрендім. Командалас достарым да қолдауға әзір. Ал команда жанкүйерлер қолдауынан күш алады. Сондықтан, Орал футболыны жанкүйерлерін команданы қолдауға шақырамын. Біз өз кезегімізде жеңістер мен қуантатын боламыз
-Сұхбатыңызға рахмет.
-Рахмет.