Ничья в западном дерби

 Бірінші Лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 21 туры ақтаулық "Каспий' мен" Ақжайықты" тоғыстырды. Ақтаудағы "Жас Қанат" стадионында өткен фавориттер тартысы көрерменге қызықты болды. Ойын басталысымен шабуылға ден қойған футболшылар стадионды лық толтырған көрерменнің көңілін қалдырмады. Ақтау командасы сапында Руслан Сахалбаев пен Айдос Тәттібаев ойқастаса, оралдықтар Әділет Блатов пен Мелло Джакомо орталық алаңды қарамағында ұстады. Бірінші таймда есеп ашпаған қос ұжым ойынның екінші бөлігінде де жан-алысып, жан берісті. Сондай шабуылдардың бірінде ақтаулық сұрмерген Айдос Тәттібаев қапталдан көтерілген допты боспен Илья Караваев қорғаған қақпаға шегедей қадап, командасын алға шығарды. Бұл сәтсіздік Артур Авакянц  шәкірттерін екі еселей шабуылдауға итермеледі. Оң қапталға жауапты Руслан Хаиров өзінің тамаша кростарымен "Каспий"  қорғанысының құтын қашырса, шапшаң қималдарымен қарсыластарын қапы қалдыратын Наурызбек Жагоров та "Ақжайықты" алға сүйреді. Бірақ, "Каспий"  қорғаушылары мықтылық танытты. Десе де оралдық оғландар дегеніне жетпей қоймпды. Орталық алаңнан келген пасты оң қапталдағы Руслан Хаировқа жродап, өзі тамаша ашылған Дәуренбек Тәжімбетов әдемі пасты голға айналдыра алды. Бұдан кейін "Ақжайық" қанша шабуылдаса да "Каспий" қорғанысын бұза алмады.

Осылайша "Батыс дербиі" тең аяқталды.
Осы турдан кейін 40 ұпай жинаған "Ақжайық" турнир кестесінлегі 4-орнын сақтап қалды.
Енді Авакянц шәкірттері кезекті матчын өз алаңында 28-қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысының "Алтай" командасын қабылдайды.

 

На каком месте турнирной таблицы "Акжайык" завершит текущий сезон?