Талдықорған қаласында 2001 жылғы футболшылар арасындағы ел біріншілігінің ақтық кезеңі өтіп жатыр.

 Талдықорған қаласында 2001 жылғы футболшылар арасындағы ел біріншілігінің ақтық кезеңі өтіп жатыр.
⠀
Аталмыш футбол бәсекесіндегі кезекті матчын қостанайлық "Тобылдың" жастарына қарсы өткізген "Ақжайық 2001" қарсыластарын 4-0 есебімен тізе бүктірді.
⠀
"Тобыл 2001" қақпасына Ербол Сағидоллаев 1 гол соқса, Зейін Әлібеков хет-трик авторы атанды.
⠀
Енді Алексей Тугушев шәкірттері келесі матчын талдықорғандық "Жетісу 2001" командасына қарсы өткізеді.