Қазан айының 2-і мен 6-ы аралығында "Ақжайық" футбол орталығында орталық жұмысының мониторингі мен бапкерлерге арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды

 Қазан айының 2-і мен 6-ы аралығында "Ақжайық" футбол орталығында орталық жұмысының мониторингі мен бапкерлерге арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды. Оған Қазақстан Футбол Федерациясының техникалық орталық директоры Арсен Инкарбеков, аймақтық бапкер, "Ақжайық" футбол орталығының кураторы Семенов Виктор және бапкерлер қатысты. Үш күнге созылған шара барысында футбол орталығының бапкерлеріне футбол ойынын дамыту, жаңа заман талаптарына сай келетін жаңа бағыттағы жұмыстар барысы туралы айтылды. Сондай-ақ семинар барысында орталық бапкерлері өздерінің жұмыстары туралы баяндап, теориялық бағыттағы жұмыстарын практика барысында көрсетті.