"Ақжайық" бас бапкері Артур Авакянцтың "Каспиймен" болған матчтан кейінгі пікірі.

 -Өздеріңіз көргендей, өте қарымды қарсыласпен ойнадық. Біз күткендей ауыр кездесу болды. Жанкүйерлердің де көңілінен шықты деген үміттемін.

Өкінішке орай, қорғаныста жіберген қателік салдарынан гол жіберіп алдық. Кейін бар күшті есеп теңестіруге жұмсадық. "Каспий" сынды қарымды қарсыласпен ойнаған кезде есеп теңестіру өте қиын.

Біз жеңілмедік. Алда әлі ойындар бар, сол кездесулерге дайындалатын боламыз.

Какую позицию нужно усилить "Акжайыку" перед третьим кругом чемпионата?