-«Ақжайықтың» жанкүйерлерін жеңіспен құттықтаймын,-Арман Смаилов

 -Біріншіден, «Ақжайықтың» жанкүйерлерін жеңіспен құттықтаймын.

Ойын өте тартысты өткенін көрдіңіздер, бірінші тайм қиын болды. Екінші тайм басында қажет емес голдар жіберіп, 2-0 есебімен жеңіліп жаттық.

Жағдайды түзетуге көп күш жұмсалды. Төккен тер текке кетпеді, жеңіске жеттік. Бұл үлкен жеңістердің басы ғана. Біздің алдымызда нақты міндет тұр, соны жүзеге асыруға бар күшімізді саламыз.

Барлық жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын.

 

Какую позицию нужно усилить "Акжайыку" перед третьим кругом чемпионата?