Орал қаласында өтіп жатқан 2001 жылғы футболшылар арасындағы ел біріншілігінің кезекті ойын күнінде "Ақжайық" футбол клубының жастары шымкенттік "Ордабасы" футбол клубының жастарымен кездесті.
⠀
Бірінші таймда Ержан Ибрагимов пен Зейін Әлібеков гол соғып, Алексей Тугушев шәкірттері алға шыққанды.
⠀
Екінші таймда "Ордабасы" ойыншылары жинақылық танытып, есепті теңістірді.
⠀
Осылайша, ойынның негізгі уақыты тең аяқталды.
⠀
Ал, матч соңындағы пенальти сериясында "Ақжайық" ойыншылары мықтылық танытты.
.jpg)