Ел біріншілігінің жетінші турын П.Атоян атындағы стадионда өткізген "Ақжайық" "Шахтер Болат" командасын қабылдады.
Жергілікті жанкүйерлердің қолдауынан күш алған Авакянц шәкірттері ойын басталысымен қарсыласын тықсырып бақты. Бірақ, шабуылда жол болмай, алғашқы таймда есеп ашылмады.
Екінші таймда да шабуылмен әуестеніп кеткен оралдық оғландар алдымен қарымта шабуылда гол жіберіп, кейін стандартты шабуылда "Шахтер Болат" шабуылшысы есепті еселеді. 0-2 есебі "Ақжайық" ойыншыларының жігерін сындыра алмады. Керісінше, шабуылдарына қарқын қосты.
Үсті-үстіне шабуылдаған "Ақжайық" ойыншылары алдымен Дәуренбек Тәжімбетовтің дублі арқасында есепті теңестірді.
Бірақ, бұл есеп жанкүйерге де, "Ақжайық" ойыншыларына да қажет емес есеп еді.
Соны түсінген Артур Авакянц ойынға алдымен ірі дегенлі шабуылшы Сергей Шаффты, кейін жас оғлан Арман Смаиловты қосты.
Бапкердің ойы іске асып, ойын соңында Арман Смаилов Орал жанкүйерлерін желпіндіріп, "Ақжайыққа" жеңіс сыйлады.