Официальный сайт футбольного клуба «Акжайык»
28 апреля 2013
«Ордабасы» 4:2 «Акжайык»
Шымкент. Стадион имени Кажимукана

Ордабасы – Акжайык 4:2 (1:1)
Голы:
Зенькович 3 (0:1), Аширбеков 35 (1:1), Кожабаев 51 (2:1), А. Мальцев 55 (2:2), Касьянов 80 (3:2), Касьянов 88 (4:2) 
Нереализованный пенальти: Карпович 28
Предупреждения: Касьянов 89 – Омаров 29
Удаление: Омаров 86
Ордабасы: Григоренко, Кожабаев, Арури, Мвесигва, Адырбеков, Абдулин, Нургалиев (Бабатунде 82), Карпович, Аширбеков (Касьянов 63), Бейсенов, Гуйе (Г. Мальцев 46)
Резерв: Отарбаев, Суюмбаев, Ирисметов, Левин
Акжайык: С. Покатилов, Хаиров, Воротников, Хлебоун, Омаров, Шевцов, Зотов (Любимкин 68), Коструб, Забродин (Черны 80), А. Мальцев, Зенькович
Резерв: Багаутдинов, Абдрахманов, Арбеков, В. Покатилов, Антипов
Судьи: Дузмамбетов (Усть-Каменогорск), Ходин (Атырау), Ахметбеков (Талдыкорган)
28 апреля. Шымкент. Стадион имени Кажымукана. 5000 зрителей
 

Жеті турдан кейін жеңіске жеткен «Ордабасы» командасы бұл ойынға желпініп шыққандай болды.Олар үшін «Ақжайық» қалпақпен ұрып алатын команда қатарында болатын.Бірақ ойын тағдыры мүлдем басқа бақытта өрбіді. Ойынның үшінші минутында «Ордабасы» алаңында айып добы белгіленді. Шамамен 20-метрдей жерден И.Зенькович орындаған соққы қорғаныста тұрған қорғаушыға тиіп бағытын өзгертіп қақпа торында тулап жатты. Есеп 1-0. Дегенмен алаң иелері шабуыл тізгінін бір тартпады. Ойынның 22-минутында шымкенттіктердің капитаны Қайрат Аширбековті қонақтардың қақпашысы шалып құлатты. Осы жерден белгіленген 11-метрлік айып добын орындаған А. Карпович оңбай қателесті. Қақпашы С.Покатилов өз шеберлігін танытты. Алайда осы қателіктен кейін үздіксіз шабуылдаған алаң иелері есепті теңестіруге қол жеткізді. Ойынның 35-минутында Аруридің әуелете берген добын Қайрат Аширбеков баспен бағыттап қақпаға дарытты Есеп 1-1. Екі команданың ойыны ашық футбол, яғни шабуылдаушы бағытта өрбіді. 40-минутта Б.Бейсеновтің 35-метрдей жерден қақпаға бағыттаған жойқын соққысы қақпа бағанасына тиіп кері қайтты. Ойынның екінші кезеңінің 51-минутында бүгінгі матчтың үздік ойыншысы Азат Нургалиевтің сол қанаттан шабуылы өз нәтижесін берді. Оның ауелетіп берген добына бұрын жеткен Б.Қожабаев жерлете теуіп қақпа торын тулатты. Есеп 2-1. Осы голдан кейін қайта жігерленген «Ақжайық»футболшылары тағы бір доп салды. 55-минутта кезекті бұрыштама добы кезінде А.Мальцев баспен бағыттап есепті теңестірді. Есеп 2-2
Енді не болар екен деген жанкүйердің жанына жылылық сепкен, ойынға алмасып шыққан Артем Касьянов болды.Ойынның 80- минутында ол оңтайлы бір сәтте қақпаға тіке соққы бағыттады. Қақпашы С.Покатилов допты қайтарғанымен соққыға қауқары келмеді.Аяғының арасынан шиырылып шығып кетті. Есеп 3-2 Ойынның аяқталуына 2-минут қалғанда Касьянов тағы бір тамаша гол салып ойынның нүктесін қойды. Соққы берудің қас шебері бұл жолы өз еңбегімен,өз манерімен допты шиыра теуіп есепті 4-2 жеткізді.Тіпті қосымша уақытта Артем Касьянов хет-трик жасай жаздады. Дәл бағанағыдай соққыны тағы да C.Покатилов қолдан шығарып алды. Алайда қайта қарғып секіріп қақпаға еніп бара жатқан допты соңғы сызықтан қайырып үлгерді.Есеп 4-2

Погос Галстян, «Ақжайық» командасының бас бапкері:
-Ия, бүгін шын мәнінде ашық футбол өнерін көрдіңіздер. Біз есеп ашқанымызбен жеңісті қолдан шығарып алдық.Оған алаң иелерінің ойыншылар ешбір мүмкіндік бермеді.Дегенмен өз ойыншыларыма ризалығымды білдіремін. «Ордабасы» командасын еңбекпен жеткен жеңісімен құттықтаймын.

Виктор Пасулько, «Ордабасы» командасының бас бапкері:
-Футбол ойыны өте күрделі оқиғалардан тұрады. Қайратпен болған ойындағы жеңіс біздің жігіттерді босаңқыратып қойған екен. Олар бұл кездесуге жеңеміз деп шықты. Алайда көрдіңіздер осы үшін қонақтар жазасын бере жаздады. Менің шәкірттерім шабуылдаушы бола тұра екі гол салдырды.Мен бірінші рет өз ісіме қанағаттана алмадым. Сондықтан бізге әлі көп бағытта жұмыс жасау керек. Осы ойынға үш күн бойы қызу дайындалдық. Бірақ бірінші голдан кейін бар жоспарымыз көкке ұшты.Қайтадан бастау оңай болмады. Қиындықпен келген жеңіс.Лайықты жеңіс.Дәрежесі биік ойын

Ілияс Жолдас Пресс- атташе «Ордабасы»
Фото - Малик Искаков

Судьи

Инспектор