«Біздің жеңістер әлі алда» команда капитаны Бауыржан Омаров алғашқы оқу-жаттығу жиынын қорытындылады.

 

-Алғашқы оқу-жаттығу жиынымыз аяқталды. Соңғы ойынды Грузия елінің командасымен ойнап, өкінішке орай жеңіліс таптық. Бірақ, біздің ең басты мақсатымыз Қазақстан чемпионатының Бірінші Лигасының ойындарын ойдағыдай өткізіп, Премьер Лигаға шығу. Жолдастық кездесу болған соң жеңіс те жеңіліс те болады. Осы ретте жанкүйерлер мен командаластарыма еш мұңаймайық дегім келеді. Өйткені біздің жеңістеріміз әлі алда. Команда сапын жас ойыншылар толықтырды, енді сол жігіттерге жол сілтеп, алға қарай бағыттайтын боламыз. Алғашқы оқу-жаттығу жиыны осылай аяқталды. Мықты тұстарымызды да осал тұстарымызды да көрдік. Енді келесі жиындарда тынбай еңбек ететін боламыз.

Какую позицию нужно усилить "Акжайыку" перед третьим кругом чемпионата?