«Жас болса да, команда алға қарай үлкен қадам басты деп ойлаймын» «Ақжайық» футбол клубының бас бапкері Сергей Зайцевтің алғашқы ОЖЖ-ны туралы ойы

 - Демалыстан кейін бас қосқан команда алғашқы жиынын аяқтады. Меніңше біз өте үлкен жұмыс атқардық. Әсіресе жеке жаттығулар өз әсерін береді деген ойдамын. Ойыншылардың командаға үйренісіп, физикалық күшін қалпына келтіру сияқты ойға алған жоспарларымыз түгелімен орындалды. Біраз жаңа ойыншылар келді, оларды байқап қарадық. Әзірге команда алпыс пайызға жасақталды деуге болады. Алдағы күндері тағы бірнеше ойыншы келетін болады. Өте қиынға соққан алғашқы жиынның бар ауырытпашылығын көтерген жігіттерге алғыстан басқа айтарым жоқ. Кейбір жас ойыншылар алғаш рет толыққанды жиынға келгеніне қарамастан, барлық сынға төзе білді. Басқа елдің командаларымен күш сынасқан кезде кеше ғана жастар футболынан келген өрендерге тәжірибе жетіспейтіні байқалды. Бірақ, ешкім алған бетінен қайтпады. Жастарымыз алдағы уақытта қай бағытта жұмыстану керек екенін ұқты деген ойдамын. Әлі екінші оқу-жаттығу жиынымыз бар. Ол кезде де бірнеше жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап қойдық. Жұмысымыз да қыза түседі. Сол жиын барысында команда құрамын жасақтауымыз керек. Жиында болған әр ойыншы – жеңімпаз. Жас болса да, команда алға қарай үлкен қадам басты деп ойлаймын.

Какую позицию нужно усилить "Акжайыку" перед третьим кругом чемпионата?