«Ақжайық» Түркияға аттанды

Футболдан Қазақстан чемпионатының Бірінші Лигасында өнер көрсететін «Ақжайық» командасы маусым алдындағы дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында Түркияға аттанды. 
Команда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, құрамын нақтылайтын болады. 
Премьер Лигаға қайта оралуды мақсат еткен клуб жаттығу жиындары барысында бірнеше шетелдік клубпен жолдастық кездесу жоспарлаған. Сондай-ақ қаралымға келген ойыншыларды да тексеріп көрмек. 
Оқу-жаттығу жиынына аттанған «Ақжайық» ойыншылары: 
Қақпашылар: Александр Удалов, Сергей Ткачук 
Қорғаушылар: Бауыржан Омаров,Максим Литвинов, Арман Мұрат, Евгений Рафиков, Владимир Покатилов. 
Жартылай қорғаушылар: Руслан Хаиров, Магоммед Оджиев, Шыңғыс Сапарбекұлы, Әділет Болатов. 
Шабуылшылар: Алексей Мальцев, Ержан Ибрагимов, Даниил Кочнев 

Какую позицию нужно усилить "Акжайыку" перед третьим кругом чемпионата?