-Ерболат, «Ақжайық» сіз үшін Қызылорда аумағынан тыс алғашқы команда. Маусым басында үйренісу қиын болған жоқ па?
⠀
-Футболшы болғаннан кейін бұндай жағдайларға дайын болуың керек. Сондықтан іштей дайындалып келдім. Бірақ, командаға сіңісіп кету оңай болды. Өйткені команда сапындағы жергілікті жігіттер жақсы қарсы алды.
⠀
-Команда сапында өзің жақсы араласатын ойыншы кім?
⠀
-Барлық ойышылармен қарым-қатынасым жақсы. Ешкімді бөліп жармаймын. Десе де, көбіне өзімнің жерлесім, ағамдай болып кеткен Дәуренбек Тәжімбетовпен бірге жүремін.
⠀
-Орал ұнап жатыр ма?
⠀
-Оралдың тамаша табиғаты мен кеудеңді кере тыныстайтын таза ауасы туралы көп естігем. Футболдың арқасында сол айтылғандардың барлығы рас екеніне көзімді жеткіздім. Әрине, әркімге туған жері ыстық. Бірақ Орал қазақ елінің тамаша бір бөлігі.
⠀
-Бірнеше жыл «Байқоңыр» сапында доп тептіңіз. Есіңізге «Байқоңыр» сапындағы үздік маусымыңызды түсірсеңіз.
⠀
-Ол 2017 жылғы маусым. Сол жылы біз тамаша өнер көретіп, маусымды 5-орынмен аяқтағанбыз.
⠀
-Бұрынғы командаңыздың биылғы аяқ алысы қалай? Бақылап жүресіз бе?
⠀
-«Байқоңырдың» биылғы қарқыны жаман емес. Өз деңгейлерін көрсетіп жүр. «Астана-M», «Қайрат-Жастар» командаларын жеңді.
⠀
-Қазіргі «Байқоңыр» сапында өзіңізбен бірге ойнаған жігіттер бар ма?
⠀
-Ия. Командадағы жігіттердің барлығын білемін. Бірге ойнаған достарым десе де болады.
⠀
-«Байқоңыр» сапында «Ақжайыққа» қарсы ойнадыңыз ба?
⠀
-Ия. 2015 жылы болған қос команда тартысына қатысқам. Өкінішке орай, ол матчта «Байқоңыр» жеңіліс тапты.
⠀
-Қысқа мерзім ішінде оралдық футболсүйер ағайынның сүйікті ойыншыларының біріне айналып үлгердіңіз. Десе де әлі гол соқпадың. «Ақжайық» сапындағы дебютті голыңды туған қомандаңа қарсы ойында соқсаң, қуанасың ба?
⠀
-Оралдық жанкүйерлер ренжімесін. Бірақ тойламаймын. Өзімнің футболшы болып қалыптасып, шеберлігімді шыңдаған командаға деген құрметімді солай көрсеткім келеді.
⠀
- "Байқоңыр" қақпасын дәл көздеген "Ақжайық" лидері Сергей Басов матч туралы пікірін білдірді.
- "Байқоңыр" қақпасына екінші голды соққан Ерболат Рүстемов матч туралы ойымен бөлісті.
- «Байқоңыр»—«Ақжайық» 0-2
- "Орал қазақ елінің тамаша бір бөлігі",-Ерболат Рүстемов
- "Ақжайық" жаттығуынан фоторепортаж.
- Назарларыңызға "Ақжайық" пен "Байқоңыр" футбол клубтарының өзара кездесулер тарихын ұсынамыз.