Алғашқы турды сырт алаңда "Астана" ФК жастарына қарсы өткізген Сергей Зайцев шәкірттері тең тарқасты.

 

Футболдан ҚР чемпионатының Бірінші Лига додасы басталды. Алғашқы турды сырт алаңда "Астана" ФК жастарына қарсы өткізген Сергей Зайцев шәкірттері тең тарқасты.

Матч басталысымен шабуылға ден қойған "Ақжайық" ойыншылары тайм ортасында он бір метрлік айып добын соғуға мүмкіндік алды.
Нүктеге келген команда легионері Мелло Корбеллини қателікке бой алдырмай, өзінің Қазақстан чемпионаттарындағы алғашқы голын соғып, командасын алға шығарды.

Бірінші тайм 0-1 есебімен аяқталды.

Екінші тайм басында "Астана" ойыншылары есепті теңестірді.

Осыдан соң командалар алма-кезек шабуылдап баққанымен, есеп өзгермеді.

Какую позицию нужно усилить "Акжайыку" перед третьим кругом чемпионата?