Оралдың «Ақжайығы» Павлодардың «Ертісін» ұтты Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/futbol-oraldyn-akzhayygy-pavlodardyn-ertisin-utty_a3501937

 Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Ақжайық» жолдастық матчта Павлодардың «Ертісімен» алаңға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өткен жылғы маусымда павлодарлықтар оныншы орынға ие болып, премьер-лигадағы орнын сақтаса, оралдықтар бірінші лигаға түсіп қалған-ды. Бұл кездесуде «Ақжайықтың» жас ойыншысы Әділет Болатовтың соққан әдемі голы матч тағдырын шешті - 1:0.


Оралдықтардың бас бапкері, украиналық маман Сергей Зайцевтің айтуынша, гол соғатын мүмкіндіктер аз болған жоқ. «Кездесу нәтижесі қуантады. Біздің мақсат - жаттығу барысында жасаған комбинацияларды жүзеге асыра білу. Ең бастысы, алға жылжу бар. Әсіресе, жас футболшылар жақсы қырынан көрсетті. Бұл бағытымыздың дұрыс екендігін көрсетеді. Ойындағы аздаған олқылықты жойсақ, жаңа маусымға толық дайын боламыз», деді С.Зайцев.


Жиын барысында «Ақжайық» әлі де бірнеше жолдастық бәсеке өткізеді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын оралдық клубқа жаңадан екі ойыншы алынғанын жазған болатынбыз.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/futbol-oraldyn-akzhayygy-pavlodardyn-ertisinutty_a3501937

На каком месте турнирной таблицы "Акжайык" завершит текущий сезон?