print.php?id=589&lang=rus
Финалда "Ақжайық-2006" командасы Атырау қаласынан келген құрдастарын тізе бүктірді. Есеп 2:0. Ал үшінші орын үшін таласқа түскен "Ақтөбе-2006" мен "Каспий-2006" командалары арасындағы ойын 3:0 есебімен ақтөбеліктердің жеңісімен аяқталды.
Финалда "Ақжайық-2006" командасы Атырау қаласынан келген құрдастарын тізе бүктірді. Есеп 2:0.
Ал үшінші орын үшін таласқа түскен "Ақтөбе-2006" мен "Каспий-2006" командалары арасындағы ойын 3:0 есебімен ақтөбеліктердің жеңісімен аяқталды.
Турнирдің жабылу салтанатында сөз сөйлеген "Ақжайық" футбол клубының директоры Азат Казиханов; "Анатолий Михайлович Ионкин біздің даңқты жерлесіміз. Ол дәл осы алаңда алғаш жаттығуларын өткізіп, спорттық мансабын өзі өскен «Ақжайық» футбол командасында бастаған болатын. Кейін алматылық «Қайратта» ойнады. Сол жерде жүріп Кеңес Одағындағы ең үздік шабулшылардың қатарынан көрінді.