Көрісу мерекесі құтты болсын!

Жасы кішілер үлкендерге көрісе барып, батасын алатын күн – Көрісу мерекесі құтты болсын! «Жас қайырлы болсын, өмірің ұзақ болып, әлі талай көрісуге жазсын!» - деген баталар айтылатын көрісу күн, жыл жаңарғандағы бірінші кездесу, адамдардың былтырдан бергі бірінші көріскен күні. Осы күннен бастап былтырдан бері көріспеген адамдар бір-бірімен қол беріп, үлкен адамдар құшақтасып, төс түйістіріп, амандасып, көрісу ырымын жасайды. Яғни «жалпы қауымға жаңа жыл келді, адамдарға бір жас қосылды, осы жас қайырлы болып келсін, келер жылға аман-есен жетейік» деген тілек.
Татулыққа бастап, ынтымағымызды нығайтатын мереке күні «Ақжайық» футбол клубының ұжымы баршаңызға жақсы көңіл-күй, отбасыларыңыздың амандығын тілейді. Көрісу айт құтты болсын! Келесі көрісу айтта аман-есен жолығайық!

На каком месте турнирной таблицы "Акжайык" завершит текущий сезон?