Оралда балалар арасындағы дәстүрлі Ионкин атындағы турнир өз мәресіне жетті

 Финалда "Ақжайық-2006" командасы Атырау қаласынан келген құрдастарын тізе бүктірді. Есеп 2:0.
Ал үшінші орын үшін таласқа түскен "Ақтөбе-2006" мен "Каспий-2006" командалары арасындағы ойын 3:0 есебімен ақтөбеліктердің жеңісімен аяқталды. 

Турнирдің жабылу салтанатында сөз сөйлеген "Ақжайық" футбол клубының директоры Азат Казиханов; "Анатолий Михайлович Ионкин біздің даңқты жерлесіміз. Ол дәл осы алаңда алғаш жаттығуларын өткізіп, спорттық мансабын өзі өскен «Ақжайық» футбол командасында бастаған болатын. Кейін алматылық «Қайратта» ойнады. Сол жерде жүріп Кеңес Одағындағы ең үздік шабулшылардың қатарынан көрінді.  

Сондықтан, ол барлығымызға үлгі бола білді деп ойлаймыз. Әсіресе балалар сіздер үшін үлгі. Себебі елдің болашағы, қазақ футболының болашағы сіздерсіздер."- деп, турнирдің маңыздылығын атап өтті.

Балалар арасындағы дәстүрлі Ионкин атындағы турнир жыл сайын мамыр айында "Ақжайық" ФК ұйымдастыруымен өткізіліп келеді. Биылғы жарысқа еліміздің батыс аймақтарынан 8 команда  8-13 мамыр күндері додаға түскен болатын.