Оралда дәстүрлі Ионкин атындағы турнир бастау алды.

 «Ақжайық» футбол клубының ұйымдастыруымен өтіп жатырған турнирге Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалаларынан және Оралдан 2006-2007 жылдары туылған балалардан құралған сегіз топ қатысуда.

 

Турнир ойындарының кестесі:

1-топ

«Атырау-2006»

«Ақтөбе-2006»

«Каспий-2007»

«Ақжайық-2006» (2 құрам)

2-топ

«Ақжайық-2006» (1 құрам)

«Каспий-2006»

«Атырау-2007»

«Ақжайық-2007»

 

 

I-тур, 8 мамыр

«Атырау-2006» - «Каспий-2007», басталуы -10.30.

«Ақтөбе-2006» - «Ақжайық-2006» (2 құрам), басталуы - 13.30.

Ашылу салтанаты - 14.30.

«Каспий-2006» - «Ақжайық-2007», басталуы – 15.00.

«Ақжайық-2006» (1 құрам) - «Атырау-2007», басталуы – 16.30.

 

9 мамыр (демалыс күні)

 

 

2-тур, 10 мамыр

«Атырау-2007» - «Ақжайық-2007», басталуы - 10.00.

«Каспий-2007» - «Ақжайық-2006» (2 құрам), басталуы - 11.30.

«Атырау-2006» - «Ақтөбе-2006», басталуы – 13.00.

«Ақжайық-2006» (1 құрам) - «Каспий-2006», басталуы – 14.30

 

 

3 тур, 11 мамыр

 «Ақжайық-2006» (1 құрам) – «Ақжайық-2007», 10.00.

«Каспий-2006» - «Атырау-2007», 11.30.

«Каспий-2007» - «Актөбе-2006», 13.00.

«Атырау-2006» - «Ақжайық-2006» (2 құрам)

 

Жартылай финал ойындары, 12 мамыр

Финал, 13 мамыр

 

Анатолий Михайлович Ионкин (4 қазан, 1950 жылы, Орал қ туған – 13 мамыр, 2009 жыл, Орал қ. өмірден өтті) – футболшы, Орал футбол мектебінің түлегі. Мансабын өзі тәлім алған «Ақжайықтан» бастаған (1968-1970 ж.ж.). 1971-1972 жылдары Семейдің «Спартагында» өнер көрсетсе, 1972-1978 жылдары Алматылық «Қайрат» футбол клубының сапында ойнаған. 1974 жылы Кеңестер Одағы біріншілігінде Олег Блохинмен (30 ойын, 18 доп соққан) бірге үздік сұрмерген атанған (Ионкин 23 ойын, 16 гол). Аталмыш маусымда Тбилисилік «Динамоның»  қақпасына соққан үш добы Одақ тарихындағы ең тез соғылған хет-трик есебінде тіркелген (300 секунд – 3 гол). Сол кездегі БАҚ «Оның салған үш голына Алатау мен бірге бүкіл астана қарап тұрғандай болды» - деп жазған екен.  Сонымен қатар «Пахтакор» мен Ленинградтық «Зенит» командаларымен ойында жасаған хет-триктері сол кездегі қазақ футболы жанкүйерлерінің әлі есінде.Мәскеулік «Спартак» футбол клубы тарапынан бірнеше рет шақырту алса да «Қайрат»сапынан, Алматыдан кетуден бас тартқан.

1988-1989 жылдары «Жезқазған» ФК, 1989-1990 жылдары «Ақжайықты» және Қазақстанның футзал құрамасын жаттықтырған. 1990-2008 жылдары аралығында Қазақстан Футбол Одағында департамент директоры, Қазақстан Футбол Федерациясының футзал бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2008 жылы Қазақстан Футбол Федерациясыныңвице-президенті болып сайланған.

Кто вашему лучший игрок в матче "Акжайык" - "Кайрат"?