"Ақжайықта" 3 ұпай

 VII-ші турдан соң «Қайсар» турнир кестесінде 12 ұпаймен алтыншы, «Ақжайық» 7 ұпаймен жетінші орында тұрған болатын. Бірінші тайм басталысымен екі команда да допты өз бақылауында ұстауға тырысты. Ойынның алғашқы жирма бес минутында доп үшін талас алаң ортасында жүрсе, қалған уақыт алаң иелерінің басымдылығымен өтті. Ұрымтал сәттердің бірінде қақпашымен бетпе-бет шыққан Азат Ерсалимовтың соққысын қақпашы Исламкулов қайтарды. Осы шабулдан соң «Ақжайық» ойыны жүрді.  Дельгадо, Азука, Ерсалимов, Коранель бастаған жігіттер шабулды үдеткенімен есеп ашылмады.

Екінші тайымда Оралдықтардың басымдылығымен басталды. Алаң ортасында тәртіп бұзлғаннан кейін Коранель қарсыластардың айып алаңына допты көтерген болатын, Азуканың тепкен добын қақпашы қайтарған. Серпілген допты бос қақпаға бағыттаған Руслан Валлиуллин есеп ашты (56 мин, 1-0). Бірнеше минуттан кейін дәл сол Валиуллиннің керемет пасынан кейін қақпашымен бетпе-бет шыққан Изу Азуканы «Қайсар» қорғаушысы Иван Граф шалып құлатқан. Алайда бұл сәт төреші назарынан тыс қалды. Ұтылып жатқан қонақтар ойын соңына қарай допқа көбірек иелік етіп, шабулдауға тырысқанымен таблодағы есеп өзгермеді. «Ақжайық» 10 ұпаймен, VIII-ші турдан кейін 7 орында.

«Акжайык»: Денис Толебаев, Андрей Шабаев, Майкл Одибе, Йован Николич, Дмитрий Шмитд, Константин Заречный (Еркин Тапалов, 82 м.), Азат Ерсалимов, Руслан Валиуллин, Фреди Коранель (Юрий Перцух, 85 м.), Аренас Дельгадо (Матиас Рубио, 53 м.), Изу Азука.

Қосалқы құрам: Вячеслав Котляр, Иван Антипов, Самит Чулагов, Бауыржан Омаров, Георгий Макаев, Абылхайр Зулфикаров.

«Кайсар»: Марсель Исламкулов, Володимир Аржанов, Иван Граф, Джон Камара(Жамбыл Кукеев,71 м.), Матиас Курьо, Абдель Ламанж, Ильяс Амирсеитов (Валентин Чуреев. 59 м.), Максат Байжанов, Дмитрий Евстигнеев, Валерий Коробкин, Руслан Сахалбаев Стефан (Николич, 56 м.).

 Қосалқы құрам: Александр Григоренко, Елжас Алтынбеков, Алексей Мулдаров, Думан Нарзилдаев, Айбол Жахаев.

Ескертулер: Шмидт, Заречный, Азука.