Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды

Футболдан Қазақстан Кубогы, 18 финалы аясындағы бұл ойынның негізгі уақытында есеп ашылған жоқ. Дегенмен ойын өте қызықты әрі тартысқа толы болды."Ақжайық" бас бапкері Вахид Масудов негізгі ойыншылардың орнына жастарды ойынға шығарғанын, ал Ақтөбеліктер өзінің мықты құрамымен келгенін ескергеніміз жөн. Ойын басталысымен алаң иелері белсенділік танытқанымен алғашқы таймда қонақтар допқа көбірек иелік етті. Кездесудің 16 минутында қонақтар сапындағы жартылай қорғаушы Дамир Даутов жарақат алып қалды. Алма-кезек өрбіген шабулдар болғанымен есеп ашылмады. 
Екінші кезеңде  қос бапкер бірден алаңға тың ойыншыларды қосқан болатын. "Ақтөбе" допқа көбірек иелік етуге тырысса, "Ақжайық" өте сауатты қорғанып, қарымта шабулға көбірек үміт артты. 53 минутта ойынға шыққан Дельгадо ойындағы "Ақжайық" шабулдарының негізгі ұйымдастырушысына айналды. Негізгі уақыттағы қортынды есеп, 0:0.

Аздаған үзілістен соң 15 минуттан тұратын қосымша екі таймда да есеп ашылмады. Тартысты өткен кездесуде жеңімпаз тек пенальти сериясында анықталды (п 4:5). 
Ойын барысында Оралдықтар сапындағы жас шабулшымыз Самит Чулагов әсіресе алғашқы кезеңде алдыңғы шеппен қатар қорғанысқа да көмекке келіп үлгеріп отырды. Ал қақпада Котляр өте сенімді ойын көрсетті. Дегенмен ең үздік ойынды Бауржан Омаров бастаған қорғаушылар көрсеткенін атап өткен жөн.

«Ақжайық»: Вячеслав Котляр, Бауыржан Омаров, Юрий Перцух, Андрей Шабаев, Абылхайыр Зулфикаров, Иван Антипов, Еркин Тапалов, Георгий Макаев ( Руслан Валиулин, 62 мин.), Шынгыс Сапарбекулы (Аренас Дельгадо, 53 мин.), Самит Чулагов (Дмитрий Шмидт, 80 мин.), Матиас Рубио. 

Қосалқы құрам
: Александр Удалов, Фредди Коронель, Йован Николич, Мирад Жарылгасов, Константин Заречный, Адилет Булатов. 

«Ақтөбе»:
 Самат Отарбаев, Кассиано Морейро, Эванилдо Джуниор, Мануэль Торрес, Олександр Воловик, Юри Альмейда (Абылайхан Тотай, 57 мин.), Олександр Ермаченко (Рахымжан Розбакиев, 78 мин), Рафкат Аслан, Бауыржан Байтана, Дамир Даутов (Асланбек Какимов, 16 мин.), Игорь Зенкович. 

Қосалқы құрам: Андрей Сидельников, Папа Гуйе, Берик Айтбаев, Багдат Каиров.

Ескерту алған ойыншылар: Чулагов, Рубио, Антипов, Омаров, Торрес, Розбакиев.

Кто по вашему мнению лучший игрок матча "Акжайык" - "Окжетпес"?