"Ақтөбе Жас" қақпасының шаңын қаққан "Ақжайықтық" жас таланттарының бірі Әділет Болатов матчтан соң клуб баспасөз қызметіне шағын сұхбат берді.

 "Ақтөбе Жас" қақпасының шаңын қаққан "Ақжайықтық" жас таланттарының бірі Әділет Болатов матчтан соң клуб баспасөз қызметіне шағын сұхбат берді.

-Биылғы маусымдағы алғашқы голың құтты болсын!

-Рахмет!

-Түркиядағы ОЖЖ-да "Ертіс" қақпасын дәл көздегеннен кейін жанкүйерлер сенен гол күткені жасырын емес. Сенімін ақтай алдың ба?

-Ең алдымен маған сенім білдіріп, негізгі құрамға шығарып жүрген бапкерлеріме ризашылығымды білдіремін. Ия. Дұрыс айтасыз. Көпшілік сенімін ақтағым келгенін жасырмаймын. Алаңға шыққан соң соңына дейін ойнауың керек. Гол соғып көпшілік сенімін ақтағандаймын. Бірақ, бұнымен тоқтап қалмаймын.

-Клуб жанкүйерлеріне айтарың бар ма?

-Әр голымыз, әр жеңісіміз жанкүйерлерге арналады. Бізді қолдап, тілеулес болған жанкүйерлерден қолдауын тоқтатпауын сұраймын.