«Ақжайық» футбол клубының кейбір ойыншылары еңбек шартын ұзартты.

 

Түркия жерінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан оралдық клубтың үш бірдей түлегі биылғы маусымды команда құрамында өткізеді. Олар: Бауыржан Омаров, Владимир Покатилов және Руслан Хаиров.

Бауыржан Омаров - Орал футболының түлегі. Футболшы мансабын 2006  жылы жергілікті «Жастар» командасында бастаған ол өңірдің басты командасында 2010 жылы шақыртылып, сол жылы Премьер Лигадағы алғашқы ойынын өткізді. «Ақжайық» үшін жүзден астам матч өткізген Бауыржан Омаров команда көшбасшыларының біріне айналып үлгерді.
Владимир Покатилов. Жергілікті футбол мектебінің түлегі. 2010 жылы клубтың қосалқы құрамында ойнаған. Негізгі құрамға 2013 жылы ілікті. «Ақжайықтан» бөлек, «Тобыл», «Жетісу», «Болат-АМТ» және «Махтаарал» клубтарында доп тепкен.
Руслан Хаиров. Футбол әліппесін Оралда ашқан тағы бір талантты ойыншы. 2006 жылы «Жастар» командасында ойнай бастаған ойыншы екі жылдан соң негізгі құрамға алынады. Тағы екі жыл өткен соң Премьер Лигада тұсау кесер ойынын өткізеді. Руслан «Ақжайықтан» бөлек «Кызыл-Жар СК», «Алтай» клубтарында ойнаған.

Какую позицию нужно усилить "Акжайыку" перед третьим кругом чемпионата?