«Бапкердің барлық тапсырмасын орындап шықтық» «Ақжайық» командасының қорғаушысы Руслан Хаиров «Урожай» клубымен болған ойын турасында пікірін білдірді.

 

-Ресейлік «Урожай» клубымен ойнадық. Он бес күннен бері ауыр жаттығулар жасап келеміз. Ойын алдында да таңғы жаттығу болды. Өкінішке орай, бірінші таймда гол жіберіп алдық. Кейін ойын барысын бақылауда ұстап, кей сәтте қарсыласты састырдық та. Ол өз нәтижесін берді. Екінші таймда гол соғып есепті теңестірдік. Бапкердің барлық тапсырмасын орындап шықтық деген ойдамын. Сондай-ақ жастарға да мүмкіндік берілді. Олар да өздерін тек жақсы қырынан танытуда. Командаға келген әр жас ойыншыға көмек қолын созуға дайынбыз. Қажет жерде ағалық ақылымызды да айтып тұрамыз. Бастысы – ойында жеңілмедік және жарақат болмады.

Какую позицию нужно усилить "Акжайыку" перед третьим кругом чемпионата?