Үлкен жеңістер әлі алда. «Ақжайық» командасының бас бапкері Сергей Зайцев ресейлік «Урожай» клубымен болған ойын жайында пікірін білдірді.

 

Үлкен жеңістер әлі алда. «Ақжайық» командасының бас бапкері Сергей Зайцев ресейлік «Урожай» клубымен болған ойын жайында пікірін білдірді.

-Ең алдымен ойын есебі екі команданы да қанағаттандырғанын айтуымыз керек. Команданың ойын өрнегі қалыптасып келеді. Дегенмен, он бес күн бойы ауыр жаттығулар жасап жүрген ойыншыларымыздың екі айға жуық уақыт демалыста болғаны көрініп тұр. Қалай десек те, аз уақыт ішінде ойыншылардың физикалық күш-қуаты қалпына келе қоймайды. Қазіргі басты міндетіміз жоғарыда айтқан күш-қуатты арттырып, ойын тактикасын қалыптастыру. Бұл ойымыз жүзеге асып келеді. Бірақ, ойыншылар техникалық жағынан аздап осалдық танытып жатыр. Ол мәселені алда болатын екінші оқу-жаттығу жиынында шешеміз. Бүгінгі ойында команда мінез танытты. Қиын жағдайға қалса да, есепті теңестіріп, кей сәттерде қарсыласты тықсыра білді. Бұл қуанышты жағдай. Әдеттегідей жас ойыншылар қуантты. Команда сапына қосылған жастар әлі де шеберліктерін шыңдай түседі деген үміт бар. Алғашқы жиын болған соң бұл жерде негізінен команда құрамы жасақталады. Ал ойын нәтижесі көңілімнен шықты. Әрине, жанкүйерлерге жеңіс сыйлағымыз келді. Бірақ, үлкен жеңістер әлі алда.

Какую позицию нужно усилить "Акжайыку" перед третьим кругом чемпионата?