«Ақжайық» командасы Түркияда жаттығуда Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/futbol-akzhayyk-komandasy-turkiyada-zhattyguda_a3495286

 ОРАЛ. ҚазАқпарат - Биыл премьер-лигаға қайта оралуды мақсат етіп отырған «Ақжайық» командасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оралдық команда 5 ақпан күні Өзбекстанның суперлигасында ойнайтын «Металлург» (Бекабад) командасымен жолдастық кездесу өткізді. Оралдықтардың капитаны Бауыржан Омаровтың айтуынша, бұл бәсекеде батысқазақстандықтар 0:1 есебімен есе жібергенімен, ойында алға басушылық бар. «Бапкеріміздің берген тапсырмаларын орындадық. Бұл оқу-жаттығу жиыны болғандықтан, осы матчтан қорытынды шығарып, келесі кездесулерде жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз. Мақсатымыз премьер-лигаға шығу болғандықтан, соны орындау үшін бар күшімізді салып, шеберлігімізді шыңдай түспекпіз», деді Б.Омаров. «Ақжайықтың» бас бапкері, украиналық маман Сергей Зайцев Өзбекстанның премьер-лигасында алғашқы бестікте жүрген командамен өткен кездесудің көңілден шыққандығын, әсіресе, жастардың қуантқандығын жеткізді. «Біз бүгін қос құраммен ойнадық. Алғашқылар 60 минутты жақсы деңгейде өткізді, тек екі-үш ұрымтал сәтті пайдалана алмады. Екінші құрам қалған 30 минутқа алаңға шықты. Қазіргі кезде нәтиже басты мақсат емес. Әуелі дене дайындығы мен тактикаға мән берудеміз. Мысалы, допты жақсы ұстап, қорғаныстан шабуылға тез шыға білу керек. Ең бастысы, жаңа маусымға тап-тұйнақтай дайындықпен бару қажет», деді С.Зайцев. «Ақжайық» Түркияда тағы екі жолдастық кездесу өткізеді. 8 ақпан күні Ресейдің «Урожай» (Краснодар), 11-інде «Андижан» (Өзбекстан) клубтарымен жасыл алаңға шығады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» Түркияда қандай клубтармен ойнайтынын, бас бапкердің шағын сұхбатын, оралдықтардың Сербияның суперлигасында өнер көрсететін «Спартакты» ұтқанын жазған болатынбыз. Одан кейін оралдықтар жолдастық кездесуде Болгарияның «Ботев» (Враца) командасына 0:2 есебімен есе жіберді.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/futbol-akzhayyk-komandasy-turkiyada-zhattyguda_a3495286

Какую позицию нужно усилить "Акжайыку" перед третьим кругом чемпионата?