Тек 11 метрліктен есе жібердік

Оралдық футбол орталығының тәлімгерлері Бузулукта өткен ашық біріншілікте екінші орынға ие болды. Оралдықтар ақтық сыңда алаң иелеріне 11 метрліктен есе жіберді.

Бузулук БЖСМ-нің 2006 жылғы балалар арасындағы футболдан ашық біріншілігі Бузулук қаласында 27-29 наурызда өтті.

Жарыста алты команда келесі қалалардан қатысты: Бузулук, Колтубанка, Орал, Нефтегорск және Сорочинск.

Ширек финалды Ақжайықтықтардың Нефтегорск жас футболшыларына қарсы өткен ойыны 9-0 есебімен аяқталғанын атап өтуге болады. Бірақ, финалда алаң иелеріне қарсы ойынды 3-3 есебімен аяқтап, 11 метрлік айып соққысынан есе жіберді.

Командалар келесі нәтижелерді көрсеткен болатын:

1 орын – Бузулук, 2 орын – Орал, 3 орын – Колтубинск.

Сонымен қатар жарыс қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталды. «Үздік қақпашы» оралдық Мурат Ерасылға, «Ең пайдалы ойыншы» Ахмет Айбарға берілді.

«Акжайык-2006» командасының жаттықтырушысы Филипп Богер

Ақжайық ФК баспа-сөз қызметі

Какую позицию нужно усилить "Акжайыку" перед третьим кругом чемпионата?