"Ақжайық" футбол клубының басшылығы мен футбол орталығының бапкерлері футбол орталығы мен академиялар және жастар командалары арасындағы ел кубогінен жүлделі екінші орын иеленген "Ақжайық 2001" командасын Орал темір жол вокзалынан қарсылап алды.

Екі кезеңге созылған жарыс қорытындысында жүлдеге іліккен жас футболшыларды арнайы күтіп алған клуб директоры Азамат Шайхы жігіттерге ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыру керектігін айтты.

Биылғы ел чемпионатында қола медальге ие болған Алексей Тугушев шәкірттері ел кубогінде де намысты қолдан бермеді.

Бұл көрсеткіш клуб басшылығы мен футбол орталығының алған бағытының оң екендігінің тағы бір дәлелі.