"Шахтер-Болат" қақпасын дәл көздеген Арман Смаилов матч туралы ойымен бөлісті.


-Матч туралы айтар болсам, өте қиынға соқты. Әсіресе, бірінші тайм. Өйткені желге қарсы ойнауға тура келді.

Сол себепті біраз ойымыз іске аспай, біраз комбинация аяқсыз қалды. Ал екінші таймда жинақталып, шабуылымызға қарқын қостық. Ол өз жемісін де берді.

Ең бастысы өте маңызды үш ұпай еншіледік. Барша Оралдық жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймын. Болашақта қуанта беретін боламыз.

Сондай-ақ маған мүмкіндік беріп, сенім артқан бапкерлік штабқа ризамын.

Как вам матч с Экибастуз?