"Екібастұз" қақпасын дәл көздеген Ерболат Рүстемов матч туралы ойымен бөлісті.

 "Екібастұз" қақпасын дәл көздеген Ерболат Рүстемов матч туралы ойымен бөлісті.

-Ойын туралы айтатын болсам, тамаша басталды.

Көп мүмкіндікті пайдалана алмадық. Әр ойын сайын гол соғар мүмкіндіктерді көп жасаймыз. Бірақ, гол соғу жағы ақсап тұр.

Сондықтан алдағы уақытта осы бағытта жұмыстануымыз керек.

Жалпы айтқанда, ойын жеңіспен аяқталды. Бастысы 3 ұпай иелендік. Маңызды ойындар алда. Еңбектенетін боламыз.

Матчты тамашалауға келген жанкүйерлерімізге алғыс айтамын.
Болашақта жанкүйерлерімізді қуантатындай ойын көрсетуге тырысамыз.