Кезекті матчын сырт алаңда шымкенттік "Қыран" командасына қарсы өткізген "Ақжайық" жеңіске жетті.

 Кезекті матчын сырт алаңда шымкенттік "Қыран" командасына қарсы өткізген "Ақжайық" жеңіске жетті. 

Өткен турда "Қызыл-Жар СК" клубымен есеп бөліскен Авакянц шәкірттері бұл ойында барын салды. Дегенмен, алаң иелерінің қорғанысы бірінші таймда сыр бермеді. 

Ойынның бірінші бөлігінде есеп аша алмаған қос ұжым екінші таймда да көрерменін жалықтырмады. Десе де "Ақжайық" қарқынына қарқын қосып, 66-минутта пенальти соғуға мүмкіндік алды. 
Нүктеге келген Мелло Джакомо мүлт кетпей, есеп ашты. 

Бірінші голдан арқаланған Оралдың жігіттері шабуылға қарқын қосып, 75-минутта есепті еселеді. Денис Главинаның қақырата тепкен добы "Қыран" қақпасында тулады. 

Өз алаңында жеңілгісі келмеген "Қыран" бір ғана голмен жауап беруге шамасы жетті.

Как вам матч с Экибастуз?