"Ақжайық 2007"-"Қайрат 2007" 2-1

 "Ақжайық 2007"-"Қайрат 2007" 2-1

Ел біріншілігінің ақтық кезеңіндегі кезекті матчын алматылық "Қайрат 2007" командасына қарсы ойнаған Руслан Жангиров шәкірттері жеңіс тойын тойлады.

Ойын басталысымын жергілікті жанкүйер қиқуынан күш алған "Ақжайық" шабуылға әуестеніп, қоранысты ұмыт қалдырған-ды.
Мұны тиімді пайдаланған қарсылас гол соғып, алға шықты.

Дегенмен, қолдай келген жанкүйер айқайынан рухтанған Орал оғландары жинақылық танытып, есепте алға шыға алды.

"Қайрат" қақпасына қос голды Төрехан Мұрат соқты.

Одан кейін қорғанысын мықтаған "Ақжайық" ойыншылары алматылықтардың шабуылына лайықты жауап қайырып, қақпасына гол жібермеді.

Осымен қатарынан екі матч қарсыласын қапы қалдырған "Ақжайық 2007" жүлдеге бір табан жақындай түсті.

Какую позицию нужно усилить "Акжайыку" перед третьим кругом чемпионата?