Ел біріншілігінің ақтық кезеңін өз алаңында өткізіп жатқан "Ақжайық 2007" алғашқы сынында "Алтай 2007" командасынан басым түсті. ⠀

 Ел біріншілігінің ақтық кезеңін өз алаңында өткізіп жатқан "Ақжайық 2007" алғашқы сынында "Алтай 2007" командасынан басым түсті.

Жергілікті команданы қолдай келген жанкүйер қиқуынан күш алған Руслан Жангиров шәкірттері ойын басталысымен шабуылға леп қойды.

Дегенмен, бірінші таймда шығыстық команда қорғанысы сыр бермеді.

Екінші таймды да шабуылмен бастаған оралдық оғландар дегендеріне жетіп, екі гол соқты.
Алдымен Төрехан Мұрат есеп ашса, ізін ала Мирлан Ғабдолла есепті еселеді.

"Алтай 2007" ойыншылары бұған тек бір голмен жауап қатты.

Қорытынды есеп 2-1.

Какую позицию нужно усилить "Акжайыку" перед третьим кругом чемпионата?