Жайықтағы жанталас тең есеппен аяқталды.

 

Бірінші Лига командалары арасындағы ел біріншілігі қыза түсті. Тур өткен сайын ұпай жоғалтқысы келмейтін ұжымдар әр ойынға тыңғылықты дайындалады. Аутсайдерлер артта қалғысы келмесе, көшбасшылар соңынан ерген командалардан ұзай түссек дейді.  

Біріншіліктің 16 туры турнир фавориттері саналатын "Ақжайық" пен "Қызыл-Жар" командаларын тоғыстырды. Алдына үлкен мақсат қойған қос ұжым теке-тіресі ешкімді бей-жай қалдырмады. Сондықтан болар, жанкүйер қауымы бұл матчқа "Жайықтағы жанталас" деген атау берді. Бұған дейін өз алаңында өткен матчта есе жіберген қызылжарлықтар Оралға 3 ұпай үшін келген. Сол себепті де Әли Әлиев Момоду Сисей,Олег Грубов, Павел Кривенец, Әлібек Қасым,Руслан Жанұзақов, Алдан Балтаев, Бағдәулет Қожабаев сияқты сенімді жігіттерін алаңға шығарды.

Өз жанкүйерлерінің алдында есе жібергенді ар санайтын Артур Авакянц та жасыл алаңға кілең мықтыларын қоя берді. Қорғанысты Бауыржан Омаров, Руслан Хаировқа, Сергей Басов пен Владимир Покатилов төрттігіне тапсырса,  жартылай қорғанысты Мелло Джакомо мен Әділет Болатов, Ерболат Рүстемов пен Наурызбек Жагоровқа сеніп тапсырды. Ал  шабуылға Дәуренбек Тәжімбетовті шықты.

Өліспей беріспеуге бекінген қос тарап, бірден шабуылға кірісті. Бірде тамаша шабуылды қорғаушылар тоқтатса, енді бірде қақпашылар асқан шеберлік танытып, командасын құтқарып жатты. Қызылжар қақпасын күзеткен Олег Грубов та, "Ақжайық" қақпашысы Илья Караваев та мықтылығын көрсетті. 90 минут бойы толассыз шабуылдаған  тең командалар ойыны  итшығыспен аяталды.  

Енді "Ақжайық" келесі матчын 17 тамыз күні шымкенттік «Қыранға» қарсы өткізсе, өз алаңындағы мачты 24-тамызда өтеді. Ол күнгі қарсылас "Екібастұз".

Қазіргі таңда

Қазіргі таңда 30 үпай қанжығалаған «Ақжайық» турнир кестесінің 4сатысына жайғасты.

 

 

--