Петр Атоян атындағы стадионда "Ақжайық" футбол клубының басшылығы команда жанкүйерлерімен кездесу өткізді.

 Петр Атоян атындағы стадионда "Ақжайық" футбол клубының басшылығы команда жанкүйерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жанкүйерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
Негізінен команда ойыны жайында қойылған сұрақтарға бас бапкер Артур Авакянц жауап берсе, клуб болашағы мен стадионның инфрақұрылымы жайындағы сұрақтарға клуб директоры Азамат Шайхы жауап берді.

Ал, команда атынан сөз алған капитан Бауыржан Омаров пен Сергей Басов кездесуге келген жанкүйерлерге ризашылығын білдіріп, қолдауларын аямауын сұрады.

Өз кезегінде жанкүйер қауымы кездесу ұйымдастырған клуб басшылығына ризашылығын білдіріп, жеңіс тіледі.

Кездесуден соң команда ашық жаттығу өткізді.

"Ақжайық" келесі матчын 6-шілде күні алматылық "Қайрат-Жастар" командасына қарсы өткізеді.

Какую позицию нужно усилить "Акжайыку" перед третьим кругом чемпионата?