«Ақжайық» футбол клубы елімізге танымал «Нұржанар» АҚ-мен серіктестік туралы меморандумға қол жеткізді.
Барлығымызға белгілі «Нұржанар» компаниясының өнімдері Батыс өңірінде ғана емес, еліміздің барлық аймақтарында да танымал.
Аталмыш АҚ директоры Рустам Ахметов «Нұржанар» өңір намысын қорғап жүрген клубқа қай кезде де қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.
Өз кезегінде «Ақжайық» футбол клубы жаңа серіктесіне қолдау білдіргені үшін ризашылығын білдіреді.