«Жаңа маусым, алғашқы ойын. Олқылықтың орнын толтыруға тырысатын боламыз». «Ақжайық» футбол клубының бас бапкері С.Зайцев матч туралы ойын білдірді.

 -Алып-қосар сөз жоқ. Матч бойы қарсыласты тықсырып бақтық. Өте көп мүмкіндікті мүлт жібердік. Себеп неден болғанын дөп басып айту қиын. Мүмкін, негізгі құрамның екі бірдей ойыншысының жарақаты ойынға өз кесірін тигізген болар. Павинич, Тәжімбетов, Люхай сынды ойыншыларымыз 5-6 мүмкіндікті пайдаланбады. Алаңда барын салғаны үшін ойыншыларға ризашылығымды білдіремін. Жаңа маусым, алғашқы ойын. Олқылықтың орнын толтыруға тырысатын боламыз.

Какую позицию нужно усилить "Акжайыку" перед третьим кругом чемпионата?