«Қайраттың» түлегі «Ақжайыққа» ауысты

 Оралдық «Ақжайық» командасының қатары «Қайрат» футбол клубының тәрбиеленушісі Илья Караваевпен толықты, деп жазады prosports.kz.

Илья Караваев әр жастағы «Қайрат» командасынан бөлек семейлік «Алтай» және алматылық «ЦСКА» клубтарының намысын қорғаған.

Өткен жылғы маусымда «Қайрат-Ж» сапында ойнаған Илья Бірінші Лиганың 12 ойынына қатысты. Қазақстан U-19, U-21 құрама командаларының сапында ойнаған. Сондай-ақ былтырғы жылғы ел Кубогы ойындарына «Қайраттың» негізгі құрамына іліккен.

https://prosports.kz/kz/news/315167

Какую позицию нужно усилить "Акжайыку" перед третьим кругом чемпионата?