Футбол орталығы туралы
 "Ақжайық" Футбол орталығы
 
 

Елімізде футболды дамытудың 2012-2022 жылдарға арналған бағдарламасына сай 2013 жылдың ақпан айында «Ақжайық» футбол клубы жанынан футбол орталығы ашылды. Орталық ашылғаннан бері ол жергілікті жас жеткіншектердің қызығушылығын оятты. Қазіргі таңда футбол орталығында  6-18 жас аралығындағы 766 бала жаттығып жүр. Жас футболшылармен 23 білікті бапкер үздіксіз жұмыстану үстінде.

Футбол орталығының филиалдары да бар. Орал қаласының Деркөл, Солтүстік Шығыс, Ремзавод және Зашаған шағын аудандарында орталық филиалдары жұмыс жасауда. Сондай-ақ өңіріміздің Сырым, Бөрлі, Қаратөбе, Бөкей Орда, Теректі аудандарында футбол орталығының филиалдары ашылды. Балаларға аяқдоп әліппесін үйретіп жүрген бапкерлер мен ойыншылардың өздері керекті киім-кешекпен толықтай қамтамасыз етілген.

Орталықта жаттығу жүргізуге қажетті спорт жабдықтары да жеткілікті.Футбол орталықтарының оқыту бағдарламасы неміс мамандарының ғылыми-тәжірибелік негіздеріне сүйене отырып жасалған. Ал, басты мақсат талантты ойыншыларды анықтап, қазіргі заманғы қазақ футболшыларының бойындағы жеңімпаздық рухты  ояту.

ҚФФ-сы іске асырып жатқан балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға бағытталған жобаның берері мол екенін көптеген футбол мамандары растап отыр.